418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ ұлттық университетінде ең үлкен студенттер жатақханасы салынады

  • 150
  • UPD: 17:49, 01.07.2020
Қазақ ұлттық университетінде ең үлкен студенттер жатақханасы салынады

Әлемнің ең үздік 200 жоғарғы оқу орны қатарына енген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі ең ірі студенттер жатақханасы салынады.

Бүгін іргетасына салтанатты түрде капсула қойылды. Мың 250 орындық студенттер үйінің жалпы көлемі 22 мың шаршы метр болды. Онда жастарға қажетті жағдайдың барлығы ойластырылған Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде құрылысты жеке инвестор өз қаражаты есебінен жүргізеді. Жалпы ұлттық университетте 15 мыңға жуық студент білім алады. Соның тең жартысы жатақханада тұрады.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректоры:

- Қазір 7 мыңдай студент жатақханаларда тұрып жатыр. Бұл 1250 орындық оған тағы да қосылады. Сонымен біз студенттердің жатақанаға деген сұранысын толық қанағаттандырамыз деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы