432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда дәрі-дәрмек саудасына бақылау күшейеді

  • 208
  • UPD: 19:34, 01.07.2020
Қазақстанда дәрі-дәрмек саудасына бақылау күшейеді

Елдегі дәрі-дәрмек саудасы өндірушіден тұтынушыға дейін қадағалау жүйесіне кірмейді.

Сондықтан бұл салада табысын жасырған кәсіпкерлер көп. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері бүгін осындай мәлімдеме жасады. Елдегі дәрілік заттар саудасына қосымша құн салығы салынбайды. Сатылым барысы тек онлайн кассалық машиналар арқылы бақыланады. Алайда оны мүлдем қолданбайтын 900-ге жуық дәріхана анықталды. Кассалық аппараты барлардың өзі табысын жасырып қалуға ұмтылады. Бұл ретте тұтынушылар түбіртек талап етуі тиіс. Салдарынан дәрілік заттар саудасының біршама бөлігі көлеңкелі бизнеске айналып, мемлекетке тиісті салық төленбейді. Енді жауапты орган дәріхана иелеріне электронды шот-фактура қолдануды міндеттеуі мүмкін. Соңғы 2 аптада елдегі дәрі-дәрмек саудасының көлемі 10 миллиард теңгеге жетті. Бірақ бұл – онлайн кассалық машиналар негізіндегі көрсеткіш. Ақша айналымы әлдеқайда көп болуы ықтимал дейді мамандар.

Заңғар Шыңдалы, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:

– 868 бақылау машинасын қолданбағаны анықталды. Бұл ретте олар жұмысын тоқтатпады. 239 дәріхана иелері кассалық машинаны күніне аз қолданған. Және 99 дәріхана күнделікті ақша айналымын 5 мың теңге деп көрсеткен. Және күніне 700-1000 теңге көрсеткендер анықталды. Нәтижесінде 3527 дәріхананың 2137-сі адал және заңды мойынсұнатынын көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы