421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аружан Саин екі жылға тойларға тыйым салуды ұсынды

  • 250
  • UPD: 18:55, 01.07.2020
Аружан Саин екі жылға тойларға тыйым салуды ұсынды egemen.kz

Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин елде екі жылға той өткізуге тыйым салуды ұсынды.

Бұл жөнінде ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Жаһандық пандемияға байланысты және ДДСҰ оның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отырғанын ескере отырып, жағдайдың бір жылға созылмайтынын түсінуге болады. Мұны көптеген ғалымдар, соның ішінде АҚШ та растап отыр. Өткен тұмау індеттерінің даму қарқыны мен коронавирустың таралу жылдамдығына сүйене отырып, ғалымдар COVID-19-дың алдағы бір жарым-екі жылдан бұрын аяқталмайды деген қорытындыға келді», деп жазды Саин.

Балалар омбудсменінің айтуынша, егер адамдардың барлығы ауырса, ешбір денсаулық сақтау жүйесі төтеп бере алмайды.

Хабар 24 телеарнасы