432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде соңғы тәулікте 56 адам пневмонияға шалдықты

  • 305
  • UPD: 19:35, 01.07.2020
Ақтөбеде соңғы тәулікте 56 адам пневмонияға шалдықты

Аурудың өршуіне байланысты санитария мамандары құзырлы органдарға қосымша шектеу шараларын енгізу туралы ұсыныс жасаған.

Карантиннің жаңа талаптары алдағы уақытта белгілі болады. Қазір вирусқа қарсы препараттар жеке дәріханалар желісінде жоқ. Сондай-ақ өңірде науқастарды қабылдайтын орын да жетіспейді.

Әсет Қалиев, облыс әкімінің кеңесшісі:

– Дәрі-дәрмек тасымалын облыстық әкімдік қатаң бақылауға алды. Жергілікті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кедендік құжаттарды рәсімдеу, фармкомпаниялармен келісімшартқа қол қоюда көмек көрсетеміз. Қазір өңірге қажетті препараттардың алғашқы легі жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы