428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда ашынған жұрт дәріхананы тонауға көшті

  • 381
Атырауда ашынған жұрт дәріхананы тонауға көшті

Дәрі таппай сенделген жұрттың амалы таусылғанға ұқсайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырауда дәріханаға ұры түсті. Шаһардағы «Азаттық даңғылы» бойында орналасқан дәріханалардың бірінен белгісіз азамат ноутбук, жөргектер және түрлі дәрі-дәрмекті қолды қылған. Алайда қала тұрғыны ұзамай қолға түсті. Полиция қызметкерлері ұрлық фактісі бойынша күдікті 1994 жылғы жігітті анықтап, дереу ұстады. Айыптыдан айғақ заттар табылып тәркіленді.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Тексеру кезінде бұл азаматтың бұдан бұрын да бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін сотталғаны анықталып отыр. Сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚК 188-бабы бойынша жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы