418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қараусыз қалған Қарғалы...

  • 227
  • UPD: 21:26, 01.07.2020

Бір кездері Қазақстанды әлемге әйгілі еткен Қарғалы шұға комбинаты орналасқан ауылдың қазіргі ахуалы аянышты-ақ.

Мөлдір бұлағы мен қайнар бастаулары бар елді мекен тұрғындары сапалы ауыз суға зәру болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында ауылға су жеткізетін қосымша құбыр кесілген. Бұған наразы жергілікті тұрғындар ауыл әкіміне арыз-шағым айтқан. Алайда оған құлақ асқан ешкім жоқ.

Зейнеткер Зоя Николаевна Қарғалыдағы «Майбұлақ» ықшамауданында тұрады. Бұрын су тапшылығын сезбеген. Қазір шай қайнатуының өзі машақатқа айналыпты. Өйткені ол тұратын көпқабатты үйге ауыз су жетпейді. Ауылда орталықтандырылған су жүйесі болғанымен, қысым әлсіз. «Жығылғанға жұдырық демекші» өткен айда ауылды сапалы сумен қамтамасыз ететін құбыр кесіле бастады. 2 шақырмға жуық бұл құбыр ескірсе де әлі де жарамды. Соған қарамастан құбырды құртпақ болғандардың әрекеті ақылға симайды дейді ауыл ақсақалдары.

Төлеугетай Ақбауов, ауыл тұрғыны:

– Құбыр бітеліп қалса немесе жарылса, бізге қосымша ауыз суға керек емес пе? Шырылдаған халықтың жанайқайын айтайық деп жиналып жатырмыз.

Баяхмет Әлрахымов, ауыл тұрғыны:

– Бізде адалдық жоқ. Тәртіп жоқ екі. Халықтың мұң-мұқтажының бәрі шешілмей жатыр.

Жерден қазылып, қаңтарылып жатқан құбырлар әлі де жарамды. Алайда магистарльдік құбырға «Қарғалы» акционерлік қоғамы иелік етеді. Басшысы халық наразылығына құлақ түрмейді. Тіпті ешкіммен ақылдаспаған, түсіндіру шарасын өткізбеген. Ауыл тіршілігі үшін аса маңызды магистральді су желісі арқылы тек Қарғалы ғана емес, Бекболат пен Ынтымақ ауылынң тұрғындары да су ішіп отыр. Оны орынсыз кесу халыққа жасалған қиянат дейді жергілікті халық. 

Алмас Садуақас, тілші:

– Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, мына су үлестіруші бекеттің қазіргі жағдайы осындай. Мүлдем қараусыз, іші лас, тіпті сыртанда есігі де жоқ. Ал бұдан тартылатын су ауылға баратын мына негізгі құбырға жалғанған. Бұған дейін діл осы жерде қосымша құбыр болатын. Бірақ оны кесіп алып тастады. Егер негізгі құбырдағы су қысты күні қататын болса , Қарғалы ауылында апатты жағдай болуы мүмкін.

Жекен Оңғаров, гидротехника инженері:

– Екі құбыр Қарғалыны ғана емес, қосымша екі ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп келді. Ол ауыл халқы аз болған күннің өзінде салынған. Қазір халық екі есе ұлғайды. Ел сапалы суға қол жеткізе алмай отырғанда, біз барымыздан қараптан-қарап отырып айырылып жатырмыз. Енді қосымша құбырды құртты. Апат болуы мүмкін.

Болаттан жасалған берік құбырлар қазір нарықта жоқ. Ескісін табудың өзі қиын. Бағасы да арзан емес. Сондықтан олардың не мақсатта кесілгені түсінікті. Ал құбырдың қазылғанын білмедік деген әкімдік жауабы мынадай.

Досбол Тұрысбеков, Қарғалы ауылының әкімі:

– Сол бойынша аудандық Ішкі істер бөлімен хат жолдадық. процесуалдық шешім қалай шығады солай күтудеміз.

30 мыңнан астам халқы бар ауылда бұдан өзге де әлеуметтік мәселе жеткілікті. Ең бастысы мәдениет үйі, кітапхана деген атымен жоқ. Ал 1986 жылы салынып құрылысы аяқталмай қалған ескі ғимараттың қазіргі күйіне қарап күйзелесіз

Кешкілік мұнда қаңғыбастар мен маскүнемдер жиналады. Жастардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз дейді тұрғындар. Бұл нысан да жекеменшік қолына өтіп кеткен. Ал жаңа мәдениет үйін салуға жер бөлінгенімен, ол да жуық арада салынбайтын сыңайлы. Қарғалы өзені бастауын таудағы бұлақ пен мөлдір қайнарлардан алады. Алайда өзен жағалауындағы жағдай жабырқаулы. Таудай үйілген күл-қоқыстан өзен де ластанып жатыр. Санитарлық тазалық мүлдем сақталмайды. Қарғалы ауылының қазіргі кейпі міне, осындай.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы