417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда төрт көшеге велосипед жолы салынады

  • 170
Алматыда төрт көшеге велосипед жолы салынады

Алматыда Масаншы, Бұқар жырау, Манас және Қабанбай көшелерінде велосипед жолдары пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары хабарлады. Велоқауымдастық өкілдерімен кездескен Ерлан Қожағапанов екі дөңгелекті көлікке мініп, бірқатар көшені аралап қайтты. Кемшіліктерді талқылады. Олардың барлығы құрылыс кезінде ескеріледі. Биыл 50 шақырым велосипед жолын салу көзделіп отыр. Қазір Алматыдағы веложолдың ұзындығы 82 шақырымнан асады. Әкімдікке тиесілі Алматы «Велобайк» компаниясына да жаңа техника сатып алу қарастырылған. Қазір оның еншісіндегі 1300 велосипедтің 30 процентке жуығы жөнделіп жатыр.

Ерлан Қожағапанов, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда пандемияға байланысты қоғамдық көлікпен пайдаланатын халықтың саны азайып жатыр. Көп адам өкінішке орай маскасыз жүреді. Ешқандай санэпиднорманы қарамайды. Сондықтан бүгін әлемде жаңа тренд бар. Көптеген халық микромобильдік көлікке көшіп жатыр. Ол жаңа сіз көрген велосипед, самокат, монодөңгелек деген транспорт.

Хабар 24 телеарнасы