417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да малдары бруцеллезбен ауырған тұрғындардың шығыны өтеледі

  • 175
  • UPD: 21:42, 01.07.2020
СҚО-да малдары бруцеллезбен ауырған тұрғындардың шығыны өтеледі

Солтүстік Қазақстан облысында малдары бруцеллезбен ауырған Өндіріс ауылы тұрғындарының шығыны өтеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оларға бір айдың ішінде субсидия беріледі. Зардап шеккендер осы уақыт аралығында тиісті құжаттарын жинап тапсыруы тиіс. Кеше осы ауылдың 25 ірі қара малы ауырып, пышаққа іліккенін айтып едік. Бұл мұндағы бірінші жағдай емес. Әкімдік қызметкерлері мал дертінің дендеуіне тұрғындардың өзі кінәлі екенін айтады. 

Торғын Қүйшібаева, Бидайық ауылдық округінің әкімі:

– Өткен жылы көрші Жамбыл ауылында мал ауырды. Тұрғындарға ол жақта мал жаюға болмайды деп ескерттік. Шектеу қойылған. Ескертуді елемей, бәрібір барып баққан. Не әкімдік қызметкерлеріне, не ветеринарларға айтпаған.

Хабар 24 телеарнасы