423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада құбыр шығаратын өндіріс ашылды

  • 306
Қызылордада құбыр шығаратын өндіріс ашылды

Қызылордада «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында пластик құбыр шығаратын жаңа өндіріс ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны 200 миллион теңге болатын кәсіпорында жерасты кабельдік және тамшылатып суаруға арналған шлангілер шығарылады. Әзір күніне 3 жарым тонна өнім өндіріледі. Дайын тауарға облыс аудандарынан өзге Шымкент пен Тараз қалалары, тіпті Бішкектен сұраныс түсіп жатыр. Цехта пластик бұйымдар қайта өңделеді.

Исмаил Тунжер, кәсіпкер:

– Аптасына 60-70 тонна шығара аламыз барлық желілер қосылған кезде. Қазіргі уақытта 12 адам жұмыс істеп жүр. Барлығы қосылған кезде 30-40 адам көлемінде жұмыс істете аламыз. Басқа да идеяларымыз бар. Бөлшектерін шығару ойда бар қыркүйекке қарсы. Аппараттарына тапсырыс бердік.

Жасұлан Серіков, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– 62 млн теңге ақша алуға сүйемелдеу жасадық. Проценттік мөлшерлемесін субсидия алып беру үшін «Даму» қоры да тез арада жұмыс істеп, осындай жақсы жоба шықты. Біз мұны шетелден емес, өзіміздің қазақстандық кәсіпкерлер жасап, өз өнімімізді қолдағанымыз елге де пайдалы, кәсіпкерге де пайдалы және мемлекетке салық жөнінен көптеген жан-жақты пайдасын көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы