418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды

  • 155
Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды astana.gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Рамада Плаза ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. Бірінші шілдеде 250 орын ашылды. Өткен аптада 800-ден астам төсек-орын ашылды. 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында төсек-орындар құрылды. Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және тағы басқа сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы