418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда провизорлық стационар құрылды

  • 117
  • UPD: 08:31, 02.07.2020
Петропавлда провизорлық стационар құрылды

Петропавл қаласында тағы бір провизорлық стационар жасақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық аурухананың терапевтік корпусында 200 төсек орын құрылды. Қазір оның тең жартысында орта және ауыр халдегі адамдар жатыр. Бәрінің де екі өкпесі қабынған. Бас дәрігердің айтуынша, жансақтау бөлімі де бос емес. Науқастарға 30 маман көмек көрсетеді. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге ушығып барады. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 81 адам анықталды.

Юрий Белоног, облыстық көпсалалы аурухананың бас дәрігері:

– Кеше бір тәулік болмай 72 адам ауырып түсті. Келу аралықтары 3 – 5 минут. Медициналық қызметкерлер қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Дәрі, қорғаныш заттарын жетеді деп айта алмаймын.  

Хабар 24 телеарнасы