417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жазғы сауықтыру лагерлерінің біреуі ғана жұмыс істеп тұр

  • 123
  • UPD: 08:32, 02.07.2020
Алматы облысында жазғы сауықтыру лагерлерінің біреуі ғана жұмыс істеп тұр

Алматы облысында бір ғана жазғы сауықтыру лагері жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ескелді ауданындағы мекеме «Айналайын» балалар үйіне тиесілі. Қазір онда жетім қалған 90-нан аса бала тынығып жатыр. Жалпы, өңірде биыл 1200-ден аса лагерь ашылу керек еді. Оның мыңға жуығы мектеп жанында болса, 200-ден астамы палаталық, 30 шақтысы қала сыртында орналасқан. Демалыс орындарында 382 мыңнан астам оқушыны  тынықтырып жаңа оқу жылына дайындау жоспарланған екен. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты олардың ешқайсы ашылған жоқ. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру онлайн форматта жүргізіліп жатыр.

Гүлжан Елубаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– БҒМ тарапынан «Қазақстан балалары жазғы демалысты қарсы алайық» деген тұжырымдамаға сәйкес, қашықтан және онлайн жүйесінде балалар арасында әртүрлі байқаулар, интелектуалды олимпиадалар, конкурстар, спорттық іс-шаралар жүргізілуде.

 

 

Хабар 24 телеарнасы