418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин коронавирустан айықты

  • 151
  • UPD: 09:21, 02.07.2020
Нұрлан Нығматулин коронавирустан айықты

Коронавирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аурудан айықты, деп хабарлады Tengrinews.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан емделіп, аурудан жазылды. Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс төрағасы коронавирусқа бақылау тестін тапсырған, ол теріс нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.  

Еске салайық, Нұрлан Нығматулин 16 наурызда тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсеткен болатын. Кейін Мәжіліс төрағасы оқшауланған еді.

Айта кетсек, коронавирус симптомсыз түрде өткен.  

Хабар 24 телеарнасы