417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында «Жасыл ел» аясында мың жас еңбекке араласады

  • 158
  • UPD: 10:57, 02.07.2020
Атырау облысында «Жасыл ел» аясында мың жас еңбекке араласады

Атырау облысында 10 шілдеден бастап «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 1000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.  Оның ішінде, әр аудан бойынша 100 адам қамтылса, 300 жас қалада жұмыс істемек. «Жасыл ел» еңбек жасағының 16-маусымына тіркелу елдегі жағдайға байланысты онлайн-режимде жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қазіргі уақытта 671 адам ниет білдіріп үлгерген.

Серік Қадыров, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Ол жерде көгалдандыру бағыты, құрылыс отрядтары немесе тағы да басқа қоғамымызға қажетті бағыттар бойынша жастарды жұмыспен қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Жастарды белсенді болуға, осы «Жасыл ел» жастар жасағының құрамында еңбек етуге шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы