425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

  • 487
  • UPD: 11:55, 02.07.2020
Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

Республикалық маңызы бар 160-220 Ақтөбе – Атырау – Астрахань автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстар жоспарға сәйкес орындалып жатыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда. Ол жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендіріледі. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен 116 техника жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni Generali S.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылау шараларын «Consult Enginering» және «ZS Enginering» компаниялары жүзеге асыруда.

Биыл Ақтөбе облысында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл – жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.

Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Хабар 24 телеарнасы