428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының тарихи рөлі айшықталған халықаралық конференция өтті

  • 263
  • UPD: 14:14, 02.07.2020

«Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция». Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада осындай атаумен халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форумға қазақстандық және шетелдік сарапшылар, оның ішінде Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының орталық басшысы бейнебайланыс арқылы қатысып, өз ойын айтты. Елбасының тарихи рөлі мен саяси көрегендігі жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Ал қазақстандық ғалымдар Тұңғыш Президенттің тұлғалық болмысына тоқталды. «Ол – өз елін, Отанын сүюдің ерекше үлгісін көрсеткен тұлға. Бұл қасиет ел мен жерге қалтқысыз қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеуге өнеге боларлық дүние», – деді конференцияға қатысушылар.  

Еркін Әбіл, ҚР БҒМ ғылым комитеті мемлекеттік тарих институтының директоры:

– Мен тарихшы болғасын, тарихи сананы қалыптастыруға Елбасының салған рөлін айтқым келеді. 90-шы жылдардан бастап осы ерекше тарихи сананың рөлі жөнінде айтып жүр. Оның мәдени мұра бағдарламасы бар, өзі тарихшы болмаса да қаламгер-публицист ретінде айтып кеткен дүниелері құнды.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ҚБ басқарма төрағасы:

– Назарбаев зияткерлік мектептері балаларға  жақсы білім ғана бермейді, тәжірибелік жағынан маңызды. Осы жағынан Елбасының еңбегін атап өткім келеді. Күнде өзгеріп жатыр. Біз негізінен білім саласында не үшін істейміз деген сұраққа жауап беру керек.

Хабар 24 телеарнасы