418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: ШҚО-дағы стационарлар қалай қамданып жатыр?

  • 168
  • UPD: 14:36, 02.07.2020
COVID-19: ШҚО-дағы стационарлар қалай қамданып жатыр? altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардың құрал-жабдығы қалай қамдалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-орындар санын 50%-ке арттыруды тапсырды. Ал біз мұндай жабдықтар санын 400%-ке көбейттік», - деп жазба қалдырды облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желіде.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта облыс көлеміндегі стационарларда 1700 инфекциялық және 2500 карантиндік төсек-орын дайын. Барлық қалалық және аудандық ауруханаларда қарқынды терапия палаталары жабдықталып, диагностика мен зерттеудің бірыңғай алгоритмі әзірленген. Сондай-ақ қала-аудан әкімдерінің медициналық мекемелердегі бас дәрігерлерімен, сондай-ақ дәрігерлердің өзара іс-қимылы жолға қойылған көрінеді.

«Науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалып отыр. Біздің өңіріміздегі стационарларда 50 рентген аппараты, 196 жасанды тыныстандыру аппараты бар. Бұған қоса, өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын тағы 50 аппарат сатып аламыз. Сондай-ақ бізде 15 компьютерлік томограф бар, бұл нормадан екі есе көп. Пандемия кезіндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес компьютерлік томографияның әрбір аппараты белгілі бір ауданға бекітілген. Жалпы медициналық техника жеткілікті. Науқастар төсегінің жанында тұратын монитор, балаларға арналған  жасанды тыныстандыру аппараттары мен басқа да техникаларды сатып алу мәселесі әлі де қарастырылуда. Ал дәрігерлер жеке қорғану құралдарымен 100% қамтылды. Сонымен қатар тамыз айында ең заманауи талаптарға сай жабдықталған 100 жедел жәрдем машинасын сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді облыс әкімі.

Хабар 24 телеарнасы