418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында өкпе қабынуынан 42 адам көз жұмды

  • 167
  • UPD: 17:25, 02.07.2020
Түркістан облысында өкпе қабынуынан 42 адам көз жұмды

Қауіпсіздік пен сақтық шараларын қатаңдатпаса, өңірдегі ахуал ушығып кетуі мүмкін. Себебі пневмониямен ауырғандар мен қайтыс болғандардың саны азаймай отыр.

Бұл түркістандық жастар мен қоғам белсенділерінің сөзі. Аймақта бүгінгі күні 2 мыңға жуық адам пневмониямен ауырып жатыр. Олардың 1 мың 677-сінің жағдайы орта деңгейде. Ал 42 науқас көз жұмған.

Жансерік Жұман, облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

- Себебі қазір біз бен сіз адам көп шоғырланатын ортадан табыла берсек, маскалық режимді сақтамасақ, арнайы құралдарды пайдаланбасақ, бұл ауруды одан әрі күшеюіне, таралуына, оның зияндылық деңгейінің көбеюіне жағдай жасаймыз. Мемлекет басшысының карантин режимін қатаңдату бойынша шешімінің дұрыс екенін Түркістан жастары қолдаймыз. Карантин режимінің күшейтілуі, оны әрбір адамның сақтауы – біздің ертеңге күнгі жарқын болашағымыздың кепілі.

Хабар 24 телеарнасы