429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді коронавирустан көз жұмғандар статистикасы аптасына бір-ақ рет хабарланады

  • 358
  • UPD: 17:00, 02.07.2020
Енді коронавирустан көз жұмғандар статистикасы аптасына бір-ақ рет хабарланады freepik.com

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар туралы статистика аптасына бір рет жарияланады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, комиссияға адамның коронавирустан ба әлде басқа аурудан көз жұмғандығын анықтау үшін уақыт қажет.

«Бұл маңызды мәселе, бұрын біз осындай мәліметтерді күн сайын ұсынатынбыз. Алайда науқас алдыңғы күні қайтыс болуы мүмкін, бірақ біз ақпаратты келесі күні аламыз», деді Цой.

Айта кетейік, елімізде 42574 адам коронавирус жұқтырған. Оның 14059-ы емделіп шықты. Осылайша Қазақстанда 28,5 мың науқас бар.

 

Хабар 24 телеарнасы