418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелге турист болғыңыз келсе, сақтықты естен шығармаңыз – Комитет

  • 181
  • UPD: 17:26, 02.07.2020
Шетелге турист болғыңыз келсе, сақтықты естен шығармаңыз – Комитет

20 маусымнан бері Түркияның шетелдік туристерді қабылдай бастағаны белгілі. Содан бері Қазақстанның туристік компаниялары аталған елге 400-ден астам жерлесімізді жеткізген. Олардың алды елге оралып үлгерді. Осыған байланысты еліміздің Туризм индустриясы комитеті қазақстандық жолаушыларды сақтық шараларын естен шығармауға шақырып отыр. Бұдан бөлек туристік компанияларға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүрзігу міндеттелді.

Әнуар Тоқтаров, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы:

- COVID-19 диагнозы бойынша сақтандыру өтемі «Туристі міндетті сақтандыру» (ТМС) пакетіне қосылған. Сақтандыру осы жолдаманы сатып алу сәтінде міндетті түрде ресімделеді және турпакетке енгізілген. Туристік қызмет көрсету аумағында емдеу қызметтері сол мемлекетте қабылданған COVID-19 емдеу жөніндегі стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады. Пациентті шетелде оқшаулау тест нәтижелері мен туристтерді диагностикалау кезінде сақтандырылған адамның жағдайына байланысты болатын елдің регламентіне сәйкес өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті COVID-19 жұқтыруын болдырмау үшін туристерге ұшуға дейін талдау тапсыруды және барлық санитарлық сақтық нормаларын бүкіл саяхат барысында сақтауды ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы