423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

  • 253
  • UPD: 17:10, 02.07.2020
Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

Ұшақта темекі шеккені үшін оралдық әйелге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды,  деп хабарлады Polisia.kz.

«1 шілдеде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының өкілінен Ақтөбе – Алматы бағытындағы ұшақ бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті», – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақта бортында болған Орал қаласының 34 жастағы азаматшасын анықтады.

«Әуе кемесі командирінің актісі бойынша ұшақ қонғаннан кейін құқықбұзушы көлік полицейлеріне берілді», – деп атап өтті Қ.Қобландин.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 21 117 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шеккен 1 641 адам бар.

Хабар 24 телеарнасы