417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда медициналық дипломы бар маманның барлығы дертке қарсы күреске тартылады

  • 145
Павлодарда медициналық дипломы бар маманның барлығы дертке қарсы күреске тартылады

Медицина саласына қатысы бар мамандардың барлығы коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстарына жұмылдырылуы керек.

Осындай мәлімдемені Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасады. Себебі өңірде кадр тапшылығы бар.

Айта кетейік, провизорлық госпитальдерде екі мыңға жуық адам ем қабылдауда. Бір күннің ішінде 300-ден астам науқас түскен. Аймақтағы үш мың төсекке шақталған провизорлық орындар әзірленді.

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

- Бүкіл ауыр жұмыстың барлығы өздеріміздің әріптестеріміздің басына келіп отыр. Мамандар қазіргі таңда осы жерде қолдан келгенше жеткізуге тырысып жатырмыз. Мамандар көмектесемін дейтін болса, біз оларды қолдаймыз. Жұмысқа келетіндер – ол өзіміздің дәрігерлеріміз бар, жұмыстан шығып кеткен дәрігерлер болсын, жаңағы медбикелер, фельдшер, санитаркалар, барлықтарына қолдан келгенше жәрдем беруге айтқым келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы