418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атасын құтқармақ болған маңғыстаулық бала өкпені желдету аппаратын құрастырды

  • 218
  • UPD: 21:53, 02.07.2020

Маңғыстаулық жеткіншек өкпені жасанды желдету аппаратын құрастырып шығарды. 15 жастағы жасөспірім Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында тұрады.

Оның 67 жастағы атасы пневмонияға шалдығады. Бос орын болмаған соң аудандық аурухана қызметкерлері науқасты үйіне қайтарған. Мұны көрген 8-сынып оқушысы жақынына көмектесуді ойлайды. Ғаламтордан көргенін қайталап, қолда бар заттармен медициналық құралды жасап шығарады. Жас өнертапқыштың меселін жықпаған ата-анасы оттегі баллонын сатып әпереді.

Өкінішке орай, әлгі аппарат сырқат қария өмірін тек төрт күнге ұзартыпты. Дерті асқынған ауыл тұрғыны өз шаңырағында қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы