423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде парацетамолға балама дәрі ұсынылады

  • 423
  • UPD: 21:59, 02.07.2020

Санитарлық талапқа немқұрайлы қарап, ескертулерді елемейтіндер вирустың өршуіне басты себепкер. Шектеу шараларын күшейтуге арналған брифингте үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов солай деді.

Қазір кесел жұқтырғандардың қатары ай емес, күн санап артып жатыр. Сондықтан әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінсе дейді вице-премьер.

Коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеу тәсілі әлде де оңтайландырылады. Мәселен, бұдан былай 13 мың орынды қамтитын карантиндік стационарлар инфекциялық және провизорлық орталықтарға қайта бейінделеді. Сондай-ақ шілде айында жалпы жатын орындарының санын 42 мыңға дейін жеткізу көзделген. Ал тамыз айында ПТР тестілеуден тәулігіне шамамен 40 мың азамат өте алады.  

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Вирустың ел ішінде кең таралуына екінші бір себептері бар. Бұл адамдардың ескертуге құлақ аспаған немқұрайлығы болып отыр десем артық емес. Біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалы, ангарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн сияқты тағы да басқа шаралар толып жатыр. Оған көптеген азаматың өздері де куә. 

Соңғы тәулікте 10 науқас вирустан, 20 пациент пневмониядан көз жұмды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай деректерді келтірді. Айтуынша, жалпы вирус жұқтырғандардың 41 проценті профилактикалық тексеру кезінде анықталды. 38 проценті науқастармен байланыста болғандар, 19 проценті өз еркімен тексерілгендер және қалған 2 проценті шетелде жұқтырғандар.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі

- Ковид-19 жұқтырғандар саны күннен күнге өсіп жатыр. Коронавирустық инфекциямен ең жоғарғы ауру көрсеткіші Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарында байқалады. 

Хал-жағдайы жеңіл немесе орташа пациенттерге амбулаториялық емді көрсету үшін бүгінде 380 мобильді бригада жұмыс істейді. Ел бойынша олардың санын 3 мыңға дейін арттыру жоспарланған. Жедел жәрдем көліктерінің тапшылығын жою мақсатында ел бюджетінен 807 техника сатып алуға тапсырыс берілді. Алғашқы партиясы яғни 14 көлік шілде соңына дейін елордада және 18 бірлік техника Солтүстік Қазақстан облысында пайда болады. Ал кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін медициналық колледждерден 120-ға жуық түлек жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдарға коронатакси қызметін ұйымдастыру тапсырылды. Ал дәріханаларда парацетамол тапшылығы кезінде құрамында аталған дәрісі бар 33 баламалы медикамент ұсынылады.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы