422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар: Карантинге шыдау керек

  • 277
  • UPD: 12:25, 08.07.2020

Екі айға жуықтаған карантинде біраз дүниенің қадірін түсінген елордалықтар шектеулер жеңілдетілгенде қатты қуанды.

Бірақ іле-шала дерт екпіні өрши түскенде кәдімгідей абдырап қалғандарын жасырмайды. Сондықтан Үкімет ұсынған карантиндік талаптардың күшейтілуін көпшілік қолдап отыр. Президент бас болып, талап қоймаса, мұндай шешім қабылданбас па еді дейді олар. 

- Саясатқа көп не қылмаймын. Бірақ Президент пен билік жағы халықтың жағын ойлайды ғой. Халық та дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Жұрт өмір сүргісі келеді. Өмір сүру үшін жұмыс істеу керек. Сол үшін адамда денсаулық болу керек. Денсаулық сақтаса, бала-шағасын асырайды. 

- Карантин білмеймін, созылғаны, әрине халыққа қиын шығар. Қиын болады деп ойлаймын, бірақ шыдау керек. 

- Көбейгеннен кейін ерекше шаралар қолдану керек деп Президент айтып кетті ғой. Бәрі дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы