429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызының қозғалысына өзгеріс енгізілді

  • 412
  • UPD: 22:42, 02.07.2020
Жолаушылар пойызының қозғалысына өзгеріс енгізілді

Елімізде енгізілген карантиндік шараларға байланысты бірқатар пойыздың қатынау жиілігі қысқарды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 2 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мемлекеттік комиссия теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Оның негізінде 5 шілдеден бастап №321/322 «Алматы – Сарыағаш» жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.

№3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан»,

№ 31/32 «Алматы-Павлодар»,  

№67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» пойыздары бұрынғыдай күн сайын емес, күнара қатынайды.

№257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» пойызы аптасына екі рет емес, тек бір рет жүреді.

Хабар 24 телеарнасы