418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысының Талас ауданында ЖЭС салынып жатыр

  • 341
  • UPD: 23:36, 02.07.2020

Жамбыл облысындағы Талас ауданында алғаш рет жел электр станциясы салынып жатыр. Жаңа жоба шалғай аудандарды электр қуатымен қамтуға сеп болмақ.

Қазір 6 турбина орнатылып, құны 3 млрд 200 млн теңгенің инвест жобасы аяқталды. Сөйтіп осы шілде айының соңына дейін бірінші кезеңі іске қосылмақ. Ал екінші кезеңдегі нысандарда қазір құрылыс қарқын алды. Руслан Бақытбекұлы сөз алады.

Жел электр станциясы Қаратау жотасын бойлай салынып жатыр. Толықтай инвестициялық жоба. Жүзеге асқан уақытта жылына 22 мегаваттан астам электр қуатын өндіреді. Бұл бүтін бір ауданды табиғи көздерден өндірілген энергиямен тұрақты қамтуға мүмкіндік береді.  

Василий Кравченко, аға механик:

- Қазір іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Шілденің соңына дейін қосамыз. Ол үшін 7 станцияны орнатып қойдық. Қазір жұмыстың 70 проценті бітіп тұр.

Бастапқыда бұл жел электр станциясын цианид шығаратын зауыттың жанына салу жоспарланған. Алайда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шешім өзгертілді. Мамандар желдің бағыты мен соғу уақытын зерттеп, тиімді тұсты тапқан. 

Ауданбек Таубасаров, Талас аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Жел бағытының траекториясына қарай осы мына Көкталдың желі көбінесе көп болады. Өзі бір сондай ауыз, желдің өті. Сондықтан сол жер таңдалып жел беріліп, жұмыс екі жыл бұрын басталып кетті. 

Талас ауданында жасыл экономиканы дамыту бағытында жалпы құны 9,2 миллиард теңгенің 5 инвест жобасы жүзеге асады деп жоспарлануда. Оның екеуі мәреге жетті. Енді екінші кезеңде жылдық қуаты 13,5 мегаватт болатын 9 қондырғы тұрғызылмақ. Қазір шұңқырлары қазылып, биік бағандарды орнататын орын дайындалып жатыр. 

Ауданбек Таубасаров, Талас аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Бұл 20 жылы биыл басталып, ендігі жылы жұмысын аяқтайды. Әрқайсысы 1,8 миллиардтан инвестиция тартылды ауданға. Қосымша жұмыс орны он-оннан 20 адам жұмысқа тартылатын болады. Қазір құрылыс уақытысында әрқайсысы 14-тен 28 адам жұмыс жасап жатыр. 

Жасыл энергетика саласы үшін Жамбыл өңірі өте қолайлы аймақ. Оны зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр. Облыста баламалы энергия көздерінен қуат өндіретін 12 нысан жұмыс істеп тұр. Оның 5-і су, 3-і жел және 4-і күн электр станциясы. Бұл жобалармен жылына 268,7 мегватт электр энергиясы өндіріледі. Ал 2020-2021 жылдары қосымша 4 инвест жобаны іске қосу жоспарда.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы