418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды дәріханаларына парацетамол жеткізілді

  • 163
  • UPD: 22:52, 02.07.2020
Қарағанды дәріханаларына парацетамол жеткізілді

Қарағанды дәріханаларына соңғы бір аптадан бері тапшы болған парацетамол түсті. Әзірге оны тек ірі дәріханалардан алуға болады.

Жауапты мамандар өңірге Ресейден шығарылған 11 мың қорап дәрілік заттың жеткізілгенін хабарлап отыр. Тауар қаладағы 400-ге жуық дәріханаға жеткізіледі. Бірақ қайтадан тапшылық тудырмас үшін бұл жолы бір қолға 3 пластинкадан ғана беріледі. 

Алена Францен,фармацевт:

- Парацетамол дәрісі жеткізілді. Бір пластинкасы 85 теңге. Қазір қанша тауар келгенін санап жатырмыз. Жеткілікті мөлшерде келді деп ойлаймын. 

Ирина Фефелова, қала тұрғыны:

- Мен келдім де екі пластинка дәрі алдым. Әзірге жетеді деп ойлаймын. Ал егер бәрі келіп 20-30-дан алса әрине дәрі тапшылығы туындайды. Сондықтан есеп пен бақылау болуы тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы