424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаназаға 30 адамнан артық жиналуға болмайды

  • 583
  • UPD: 13:29, 03.07.2020

Елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаназа талаптары өзгертілді.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде бұдан былай қонақ асы берілмеуі тиіс. Мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағат тез тарауы қажет. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы мәлімдеді. Жаназаға жиылған адамдар саны 30 адамнан аспайды. Діни рәсімге бойында дене қызуы мен жөтелі бар кісілер жіберілмейді. Ал індеттен көз жұмған кісінің денесі дәрігердің нұсқаулығы бойынша жуылады. Сосын жаназа намазы мен уағыздың уақыты 5 минуттан артық болмауы қажет. Жиналғандар ара қашықтық сақтап, медициналық бетперде мен қолғап киіп жүруі тиіс. Жасы үлкен кісілер мен балалар жаназа намазына қатыспайды.

Ершат Оңғаров, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти:

– Шариғатта қандай да жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин режимі қажет екені атап айтылған. Мұндай карантиндік жағдай көптеген мұсылман мемлекеттерінде жүзеге асуда. Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу – әрбір мұсылман баласы үшін міндет.

Хабар 24 телеарнасы