418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған әкімдер қайда емделеді?

  • 192
  • UPD: 11:55, 03.07.2020
Коронавирус жұқтырған әкімдер қайда емделеді? russian.eurasianet.org

Елімізде СOVID-19 жұқтырған әкімдер және басқа лауазымды қызметтегі мемқызметкерлер қайда емделеді?

Оларға ерекше медициналық қызмет көрсетіле ме? Оларды емдек кезінде қарапайым адамдарға қарағанда қандай айырмашылық бар?

Бұл сұрақтарға бүгін брифинг кезінде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Жоғары лауазымды тұлғаларды емдеу кезінде олардың жағдайы бойынша тиісті көмек көрсетіледі. Олар да қажет болған жағдайда кәдімгі стационарларға жатады», деп жауап берді еліміздің бас дәрігері.

Хабар 24 телеарнасы