418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көшпелі мобильді бригадалар қандай көмек көрсетеді

  • 184
  • UPD: 12:12, 03.07.2020
Көшпелі мобильді бригадалар қандай көмек көрсетеді

Қазіргі уақытта емханаларда кезек күтуге, көп адам жиналуға жол бермеу керек.

Ол үшін емханалар қызметі барынша онлайн форматқа ауыстырылды.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Бүгінгі күні жұмысты көшпелі мобильді бригадалар арқылы ұйымдастыруды жалғастырудамыз. Қазір 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеуде. Ол бригадалардың әртүрі бар. Бірінші түрі тек коронавирусқа тест алады. Онда мейірбикелер жұмыс істейді», - деді.

Бригаданың екінші түрі коронавирус расталған науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 165 мың пациент амбулаториялық жағдайда көмек алуда.

Ал бригаданың үшінші түрі созылмалы аурулары, онкологиялық аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы