427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Емханалар қашықтан қызмет көрсету форматына көшті

  • 379
  • UPD: 13:56, 03.07.2020
Емханалар қашықтан қызмет көрсету форматына көшті

Емханаларда ұзын-сонар кезек болмауы үшін учаскелік дәрігерлер қашықтан қызмет көрсету форматына көшті.

Ал жоспарлы және диагностикалық көмек дәрігердің көрсетілімі бойынша жүргізіледі. Ол қызметке алдын ала онлайн жазылу міндетті. Қазір 165 мың пациент амбулаториялық ем алып жатыр. Арнайы құрылған мобилді бригаданың бір тобы коронавирусты анықтауға тест алады. Ол топта негізінен медбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігерлер тобы үйде оқшауланған сырқаттарды емдеуге барады. Өкінішке қарай пневмониядан болатын өлім-жітім көбейіп, тек маусым айында 600-ден аса адам көз жұмған. 

Хабар 24 телеарнасы