418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жедел жәрдем шақырту екі есеге көбейген

  • 147
  • UPD: 13:56, 03.07.2020
Елімізде жедел жәрдем шақырту екі есеге көбейген

Кей өңірде тіпті 4 есеге дейін артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде 2000-ға жуық жедел-жәрдем көлігі жетіспейді. Жақында қаржы бөлініп, 807 көлік сатып алынды. Таяу күндері өңірлерге жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. Науқас саны көбейгеннен кейін, 380 мобилді бригада құрылды. Алматы, Атырау мен Шымкенттің стационарларында реанимациялық төсек жетпеді. Сондықтан қосымша төсек-орын жасақталды. Түркістан, Қарағанды мен Павлодар облыстарында да стационарлық және провизорлық орындар ашылды. Вице-министрдің айтуынша, вирус жұқтырғандардың бәрі бірдей компьютерлік томографияға түскісі келеді. Ал арнайы кабинеттер науқастарды қабылдап үлгермей жатыр. Сондықтан тыныс алуы нашарлаған адам ғана түсуі керек дейді мамандар.

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Елімізде эпидемияға дейін күніне 15 мың шақыртуға дейін қызмет көрсетілетін еді. Соңғы аптада шақыртулардың саны екі есе өсіп, шақыртулардың саны 30 мыңнан асып отыр. Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері шақыртулар кезінде жағымсыз эмоциялық жағдайлармен көп кездеседі. Олар өте жоғары физикалық және психикалық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Шақыртулар бойынша қызмет көрсету деңгейі бірінші кезекте пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты анықталады. Сондықтан медициналық қызметкерлерге ренжімей, өз кезектеріңізді күткендеріңіз дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы