418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Шелл» мұнай компаниясы 11 шетелдік қызметкерін еліне қайтарды

  • 125
«Шелл» мұнай компаниясы 11 шетелдік қызметкерін еліне қайтарды

«Шелл» компаниясының 11 шетелдік қызметкері Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты өз еліне оралды.

Енді бұл мамандар қашықтан жұмыс істейді. Олардың дені – Еуропа елдерінің азаматтары. Қазақстандағы жағдай тұрақталғанда олар қайта келеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы күндері Атырау облысында жұқпалы індет өршіп тұр. Өңір – вирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрғандардың бірі. Осыған байланысты жергілікті дәрігерлер күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс істеуге көшті. Аймақта дәрігерлер мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі де жағдайды қиындатып отыр.

Хабар 24 телеарнасы