418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысы Наурызым ауданындағы ауыл халқы ауыз суға зәру

  • 150
Қостанай облысы Наурызым ауданындағы ауыл халқы ауыз суға зәру

Қостанай облысының Наурызым ауданындағы ауылдардың басым бөлігі ауызсу тапшылығын тартып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан аумағындағы 10 елді мекеннің үшеуі ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қалғандары негізінен құдық суын тұтынады. Жер асты суларының сапасы да күмәнді. Дәмі кермек татиды. Мысалы Мереке ауылында 40 шақты үй бір-екі құдыққа телміріп отыр. Қалғандары ішуге жарамсыз. Өлеңді ауылындағы жағдай да соған ұқсас. Жүз шақты түтіні бар елді мекен тұрғындары 4-5 құдыққа қарап отыр. Наурызым ауданында ауылдарды ауызсумен қамту кезең-кезеңмен іске асады дейді жергілікті билік өкілдері. Бірінші кезекте халық көп шоғырданған елді мекендер тұр.

Талғат Кәрбозов, Наурызым ауданының әкімі:

- Биылғы жылы Раздольный ауылына су тарту құбыры мәселесі шешіледі. Осы жақында мердігер анықталды. Биылғы таңда 10 миллиард қаражат бөлінген. Соны игеріп, қосымша қаражатты сұратып жатырмыз. Сонымен қатар біз кезегімен Дәмді ауылына су тарту алдағы уақыттың жоспарында бар.

Хабар 24 телеарнасы