418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында науқастарға онлайн кеңес беру үшін call-орталық жұмысын бастады

  • 201
  • UPD: 15:27, 03.07.2020
Атырау облысында науқастарға онлайн кеңес беру үшін call-орталық жұмысын бастады

Хабарласқан әр адамға дәрігерлер кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, тұрғындарға 24 сағат бойы онлайн режимде консультациялық көмек көрсетілмек. Атыраулықтар 103, 109 және 112 байланыс нөмірлеріне хабарласып, үй жағдайында емделу ережесі, оқшаулану тәртібі, дәрі-дәрмектерді қабылдау кестесі жайлы толық ақпарат ала алады. Қазір call-орталықта 28 тәжірибелі дәрігер жұмыс істеп жатыр.

Нұрлыбек Қабдықапаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– 24 сағат бойы біздің халқымыз, өзінің арыз-шағымдарымен түссе, температурасы болса, әлсіздігі болатын болса, қандай дәрі-дәрмек, нені ішу керек, нені пайдалану керек, қандай уақытында алатын симптоматикалық емді алу жөнінде барлық консультативтік кеңесті телефон арқылы, емді де сол арқылы алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы