418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күні қарсаңында 72 павлодардық баспаналы болды

  • 127
  • UPD: 15:28, 03.07.2020
Елорда күні қарсаңында 72 павлодардық баспаналы болды pavlodarnews.kz

Павлодар қаласында Елорда күні қарсаңында 72 адамға пәтер кілттері табысталды.

Циолковский, 12/3 мекенжайындағы жаңа көп қабатты үй «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында тұрғызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов павлодарлықтарды екі бірдей мерейлі күнмен құттықтады.

«Келе жатқан Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекетіміздің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Қазіргі уақытта әлеуметтік жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылған. Міне, бүгінгі үйдің ашылуы – тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі. Шаңырақтарыңыз әрқашан жақсылыққа тола берсін. Барлықтарыңызға ырыс, бақ-береке тілеймін», - деді Қайрат Нүкенов.

Қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Асығат Ахметовтің айтуынша, баспаналы болған 72 адамның 27-сі – жергілікті атқарушы органдар өкілдері. Қалғандары – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары.

Хабар 24 телеарнасы