418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қару тапсыру акциясы басталды

  • 133
Петропавлда қару тапсыру акциясы басталды

Қару мен оқ-дәрі және жарылғыш заттарды тапсыру іс-шарасын ұтымды пайдаланған азаматтар жауапкершілікке тартылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Керісінше тиісті өтемақысын алады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының азаматы 300 мың теңгеге төрт бірдей аңшы мылтығын тапсырды. Оның айтуынша, қаруды жаңа сатып алған үйдің жертөлесінен тауып алған. Жалпы өткен жылы өңір тұрғындары осы шара аясында полицияға 109 қару мен 700 дана оқ-дәрі тапсырған. Төлем 6 миллион теңгеден асты. Айта кетейік, биыл акция онлайн өтіп жатыр.

Әлішер Жармағамбетов, қалалық ПБ бөлімінің инспекторы:

– Шектеулік карантиндік шараларға байланысты қару тапсыру үшін ішкі істер органдарына келудің қажеті жоқ. 102 пультіне хабарласып, тапқан жерді азамат айтса, сол жерге қару айналым бақылау бөлімі қызметкерлері өтіп, сол жерден қабылдап алады. Бұл шаралар азаматтарды азаматтардың контактіларын азайту және өзінің денсаулығына зиян келтірмеуіне бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы