418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев: Алматыда ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны бес есе өсті

  • 262
  • UPD: 17:32, 03.07.2020
Б.Сағынтаев: Алматыда ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны бес есе өсті zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония аурулары бес есеге өскенін мәлімдеді.

Сондай-ақ қала әкімі «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылғанын атап өтті.

«Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді», деді Б.Сағынтаев Инстаграм парақшасында.

Қала әкімі бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылғанын айтып өтті.

«Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.

Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен», деді ол.

Хабар 24 телеарнасы