418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе тұрғындары заңсыз қаруын өткізіп, өтемақы алып жатыр

  • 144
  • UPD: 17:42, 03.07.2020
Ақтөбе тұрғындары заңсыз қаруын өткізіп, өтемақы алып жатыр

Екі күн ішінде ақтөбеліктер полицияға заңсыз сақталған 18 қару тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олардың барлығы тегіс ұңғылы аңшы мылтықтары. Қазір елімізде есепке алынбаған қару-жарақты сатып алу акциясы жүргізіліп жатыр. Өз еркімен қару тапсырған азамат 28 мыңнан 278 мың теңгеге дейін өтемақы ала алады. Атыс құралының техникалық жай-күйін арнайы комиссия бағалайды. Қазір мамандар Мәртөк ауданының тұрғыны тапсырған екі бірдей аңшы мылтығын тексеруге кіріскен.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Мәртөк ауданының тұрғыны өз үйінің төбесінен екі бірдей аңшы мылтығын тауып алған. Оның айтуынша, баспананы 2 ай бұрын сатып алған. Жаңа үйін тазалау кезінде қаруларға тап болған. Атыс құралын өз еркімен тапсырған бұл азамат ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

 

Хабар 24 телеарнасы