418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» тілшісі этножурналистика байқауында жеңімпаз атанды

  • 199
  • UPD: 18:27, 03.07.2020

Ақтаулық әріптесім Талғат Исламұлы аймақтық «Шаңырақ» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғыс хат пен сыйақы телеарнамыздың бейнемонтажері Сұңғат Төлебаевқа да табыс етілді. Өңірлік Ассамблея этножурналистика сайысын осымен 5-ші рет өткізіп отыр. Биылғы іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен елорда күніне орай ұйымдастырылды. Оған 25 журналист қатысты. Соның ішінде 14 адам жеті 7 аталым бойынша үздік танылды. Айта кетейік, дәстүрлі байқаудың бұл алғашқы туры. Одан сүрінбей өткендер республикалық кезеңге қатысуға үміткер болып саналады. Таяу күндері қазылар алқасы бір адамды іріктеп, республикалық додаға ұсынуы керек. 

Амангүл Жайылханова, облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

– Қазіргі жағдайда «Хабар24» каналына біз үлкен алғысымызды білдіреміз. Себебі барлық уақытта журналистері белсенді. Барлық уақытта Елбасының және Президентіміздің жүргізіп отырған үлкен саясаты Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жұмысының барысын халыққа насихаттауда үлкен үлес қосып жүр. Бүгін осы ұжымның екі қызметкері белсенділік танытып, жеңімпаз атанды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы