418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда азаматтарға КВИ бойынша тәулік бойы консультациялық көмек беріледі

  • 145
  • UPD: 20:51, 03.07.2020

Атыраудағы эпидемилогиялық ахуал көңіл көншітпейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Соңғы тәуліктің өзінде мұнда 327 адамнан «Ковид-19» анықталды. Бұл – ел бойынша ең жоғарғы сан.

Қазір науқастарға онлайн кеңес беру үшін облыста call-орталық құрылды. Онда хабарласқан әр науқасқа білікті мамандар кеңес береді

Өршіген эпидемиологиялық ахуал бәсеңсімей тұр. Соңғы тәулікте облыс бойынша қауіпті індетке шалдыққан 327 адам тіркелген. Тіпті, жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін қоңырау да көбейіпті. 27 жыл бойы жедел-жәрдемнің қоңырау қабылдаушысы болып қызмет атқарған Лора Ізмұратова соңғы аптада көмекке жүгінетіндер санының артқанын айтады.

Лора Ізмұратова, call-орталықтың диспетчері:

– Тәулігіне 250-280 шақырту қабылдаймын. Оның ішінде кейбіреуіне кеңес береміз. Содан бригадаға береміз. Әрі қарай оны бригада шешеді, барғаннан кейін.

Жұмысын бастаған колл-орталыққа хабарласатындар көп. Күніне 1200-1300 тұрғыннан қоңырау келіп түседі. Атыраулықтар 103, 109 және 112 байланыс нөмірлеріне хабарласып, үй жағдайында емделу ережесі, оқшаулану тәртібі, дәрі-дәрмектерді қабылдау кестесі жайлы толық ақпарат алып жатыр. Қазір call-орталықта 28 тәжірибелі дәрігер кеңес береді.

Нұрлыбек Қабдықапаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– 24 сағат бойы біздің халқымыз, өзінің арыз-шағымдарымен түссе, температурасы болса, әлсіздігі болатын болса, қандай дәрі-дәрмек, нені ішу керек, нені пайдалану керек, симптоматикалық емді алу жөнінде барлық консультативтік кеңесті  телефон арқылы, емді де сол арқылы алуға болады.

Сall-орталық – науқастарға қазіргі жағдайда, әсіресе карантиндік шектеу шаралары кезеңінде, қауіпсіз түрде медициналық қызметке жүгіне отырып, уақыттарын үнемдейтін бірден-бір мүмкіндік.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы