418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудағы зауытта жасанды тыныс алдыру аппараты өндірілді

  • 185
  • UPD: 20:52, 03.07.2020
Көкшетаудағы зауытта жасанды тыныс алдыру аппараты өндірілді

Өзіміздің Көкшетаудағы зауыттардың бірі жасанды тыныс алдыру аппаратының 360 данасын шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қондырғылардың 80-і еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне тегін берілген. Таяуда тағы 100 шақтысын сыйға тартпақ. 245 аппарат облыстағы ауруханаларға сатылыпты. Авиацияға қажет қосалқы бөлшектер шығаратын бұл зауыт бұрын айына небары 30 қондырғы өндіретін. Індет тарағалы өндіріс қуатын бірнеше есе арттырған. Отандық өнім тасымалдауға ыңғайлы етіп жасалған.

Қайрат Қалманбаев, зауыттың бас директоры:

– «Көкшетау-4П» деп аталатын қондырғы автоматты режимде үздіксіз жұмыс істей алады. Ал қозғалтқыштары пневматикалық. Сондықтан ол электр жүйесіне қосылмаса да өзі автономды түрде қызмет атқара береді.

Хабар 24 телеарнасы