417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы амбулаторияға жедел жәрдем көліктері тарту етілді

  • 160
  • UPD: 20:53, 03.07.2020
Алматы облысындағы амбулаторияға жедел жәрдем көліктері тарту етілді

Алакөл жағалауындағы Ақши мен Көктұма ауылдарында туристерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы жақсарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдық амбулаторияға екі бірдей жаңа жедел жәрдем көлігі тарту етілді. «Біргеміз Жетісу» қоғамдық қорының қаражатына алынған автомобиль кілті бүгін салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұл туристік аймаққа келіп тынығатындар қатары жыл санап көбейіп келеді. Былтыр шипалы суға 1 миллионннан аса адам арнайы барып шомылса, биыл демалушылар қатар 2 миллионнан асады деген есеп бар. Бұл маңда шомылу маусымы басталғанша күніне 10 шақырту тіркелсе, жаз кезінде 100-ден аса адам ақ халаттыларға көмек сұрап хабарласады екен. 

Құрмет Абзалұлы, Алакөл аудандық ауруханасы директорының орынбасары:

– Бұрын бір көлік еді. Қазір үш көлік болды. Ақши, Көктұма ауылдық амбулаторияларында. Соның нәтижесінде  көмектесу уақыты жиілейді. Күтіп қалу азаяды. Осы жағынан өте елеулі көмек.

 

 

Хабар 24 телеарнасы