418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 20-дан астам медицина қызметкеріне мемлекеттік награда табыс етілді

  • 174
  • UPD: 20:53, 03.07.2020
Елордада 20-дан астам медицина қызметкеріне мемлекеттік награда табыс етілді

Бүгін елордада 20-дан астам медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

 III дәрежелі «Барыс» ордені көпбейінді медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Атығаеваға, «Парасат» ордені жұқпалы аурулар госпиталінің бас дәрігері Анна Цепке және «Құрмет» ордені осы госпитальдің дәрігер-реаниматологы Илья Логвиненко мен жедел жәрдем станциясының директоры Марат Оразбаевқа табыс етілді. Марапатталғандар арасында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері де бар. Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген оларды қала әкімі Алтай Көлгінов елорда күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, бірқатар еріктіге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат табыс етті. Айта кетейік, бұл күні шаһар дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаз Отызбай Сүйіндіков пен ардагер дәрігер Владимир Баумейстер елорданың «Құрметті азаматы» атағына ие болды.  

Отызбай Сүйіндіков, қаланың «Құрметті азаматы» атағының иегері:

– Әлемдік деңгейдегі сынақтан аман-есен өтейік. Біргеміз бәріміз. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық!

Мұрат Оразбаев, «Құрмет» орденінің иегері:

– Бұл – менің ғана емес, барша жедел жәрдем бригадасы қызметкерлерінің наградасы. Олар сәт сайын жүздеген тұрғынға көмек беріп жатыр. Өз парызымызды орындай отырып, вирусты жеңеміз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы