418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерен еңбегімен көзге түскен павлодарлық ақ халаттылар марапатталды

  • 169
  • UPD: 20:53, 03.07.2020
Ерен еңбегімен көзге түскен павлодарлық ақ халаттылар марапатталды

Пандемия кезінде ерен еңбегімен көзге түскен павлодарлық ақ халаттылар да бүгін түрлі марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Нақтыласақ, 15 медицина маманына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысы жеткізілді. «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Шапағат» және «Ерең еңбегі үшін» медальдері табысталып, «Құрмет» грамоталары табысталды. Жалпы, аймақтағы түрлі стационарларда қазір 1200-ге жуық медицина қызметкері тынымсыз жұмыс істеуде. Олардың 800-ге жуығы провизорлық госпитальдерде еңбек етуде. Маман тапшылығын болдырмау үшін кеселмен күреске денсаулық сақтау саласына қатысы бар барлық азаматтар тартылып жатыр. Тіпті, сала ардагерлерінің көмегі де қажет. 

Нәзира Смағұлова, қалалық №3 ауруханасы провизорлық бөлімшесінің меңгерушісі:

– 24 сағат бойы науқастың жанында тұрып жұмыс істеу ол әрбір дәрігер үшін өте қиын. Халқымыздан өтініп сұрайтыным,  егер де аурудың үш күндік белгілері басылмаса, сіздің дәрігерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс. Себебі өткізілген әрбір күніңіз, әрбір сағатыңыз біз үшін өте қиын жағдай. Ол үшін көптеген күш пен қажыр, маңдай терінің еңбегі, жасанды желдендіру аппаратындағы ұстау уақыты созылады.

Хабар 24 телеарнасы