418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмысқа тұру үшін дипломның болуы жеткілікті ме  

  • 167
  • UPD: 21:35, 03.07.2020

«Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві». Иә, жастарды нәпақасыз қалдырмайтын жобалар жетерлік.

Бірақ бәрінің игілігін көру мүмкін бе? Мысалы, қазір 700 мың қазақстандық жұмыссыз жүр. Олардың қатарында ЖОО түлектері де бар. Ал пандемия бұл күйді одан сайын күйінішті етті.

Қазақстан ғана емес, әлемде жұмыссыздық белең алып барады. Оған себеп – пандемия. Мұндай қысылтаяң шақта қызметсіз қалу оп-оңай. Мәселен қазір елімізде 700 000 адам жұмыссыз жүр.

Олжас Төлеуов, ҚР ЕХӘҚМ жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті:

– ТЖ режимі аяқталысымен бос жұмыс орындары көбейгені байқалады. Мамырда көрсеткіш 4 есе артты. Қазір электрон еңбек биржасында 117 мың бос орын бар.

Ел аумағында 400 мың түлек мамандық игеріп шықты. Бірақ барлығы бірдей дипломының қызығын көре алмай отыр. Жұмыс табу үшін бұл құжат жеткіліксіз.

Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Бізге жүгінген жұмыссыздардың 59 проценті жоғары білімді. Бірақ олардың көбі еңбекке қабілетті жастан асып кеткен. Бұл 26 мен 45 жас аралығы. Сондықтан біз оларға көмектесе алмадық. Яғни, дипломнан бөлек, қабілеттің болуы маңызды.

Биыл 10 мың түлек «Жастар тәжірибесіне» қатысты. Мемлекеттік бағдарламаның игілігі бұл. Өздері дайындаған мамандарды жұмыспен қамтып отырған білім ордалары да жоқ емес. Бірақ...

Ильяс Түстікбаев, «Қазақстан студенттері альянсының» президенті:

– ЖОО бакалавр не магистратураны аяқтаған түлектерінен анықтама сұрайды. Оның жұмысқа орналасқаны жөніндегі құжатты өз мүдделеріне пайдаланады. Яғни, осы есеп арқылы ЖОО түлектерін жұмыспен қамтығандай болады.  Бірақ көп жағдайда жұмыссыз отырған азаматтар жалған құжат өткізуі де мүмкін.

Иә, нарықта жұмыс жоқ деуге келмес. Қоғамға қазір медицина мамандары ауадай қажет. Құрылыс саласы қарқын алған шақта да мамандарға сұраныс артқан. Бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар тек ақшасы көп, міндеті жеңіл жұмысты ғана таңдайтын сияқты.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Динара Әбдірова, Ермек Кеншімбек, Жандос Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы