418,83 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустриалды шығыс. Елбасы қолдауы

  • 142
  • UPD: 23:18, 03.07.2020

Кенді Алтайдың төрінде орналасқан өндіріс орындарының бүгінгі аяқалысы мақтауға тұрарлық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі металлургиялық кәсіпорындар өндіріп отырған өнімдер әлемдік брендке айналғалы қашан. Өнеркәсіп саласының мұндай жетістікке жетуіне Елбасы қолдауының маңызы зор болды дейді металлургтер.

Шығыс Қазақстанда Елбасының қолдауы арқасында еңсесін тіктеп, қазір атағы жер жарған зауыттар көп. Солардың бірегейі, Өскемен Титан магний комбинаты. «Кеңес одағы ыдыраған тұста болашағы бұлыңғыр болған кәсіпорынның қайтадан қарыштауына дәл Елбасының қосқан үлесі орасан», – дейді ұжым басшылары.

Әсем Мамутова, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті:

– Нұрсұлтан Әбішұлы ең қиын кезеңдерді еңсеруге көмектесті. Кейіннен комбинаттың әрбір жетістігіне Елбасы өзі куә болды Қазір мінеки, біз өндіретін титан брендке айналды. Авиағарыш бойынша әлем нарығында біздің өнім үлесі 18 процентті құраса, жалпы нарықта 11 процентті көрсетіп тұр.

Нұрсұлтан Әбішұлы индустрияны қолдауға  бағытталған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. «Осы арқылы  өнеркәсіптің  ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетті», – дейді  зауыт өкілдері. Мырыш өндірісіндегі алпауыт «Казцинк» кәсіпорнының  дамуы  да Тұңғыш Президенттің  назарынан тыс қалмаған.20 мыңнан астам адам еңбек ететін мекеменің қарапайым жұмысшылары да бұны жақсы біледі.

Сабырбек Мәулетов, «Казцинк» ЖШС металлуругиялық кешенінің балқытушы маманы:

– Елбасының  қолдауын біз  айырықша сезіндік. Қазір зауытымызда ең заманауи құралдар орналасқан, озық технологияны қолданамыз. Елбасы еңбек адамын бағалауға ден қойды. Ол кісінің әрбір сапары  біздің есімізде. Кездескен сайын өзін  нағыз мелаллург ретінде ұстап, әңгімелесе білді.

Биылғы 5 айда өлкедегі өнеркәсіптер 886 миллиард теңге 700 миллион теңгенің өнімін өндірді. Елбасы бастап берген  даму қарқыннан таймаса, өндірісті өңірдің алар асуы бұдан да биік болмақ.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

 

Хабар 24 телеарнасы