418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдері құрметке бөленді

  • 182
  • UPD: 23:27, 03.07.2020

6 шілде елорда күніне орай Шымкентте денсаулық сақтау саласының бірқатар маманы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оларға Мемлекет басшысының наградаларын қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады. Коронавируспен күресте алғы шептегі мамандардың еңбегі ескеріліп, атқарған ісі көпшілікке дәріптелді.

«Бұл марапат әуелі осынау қиын кезеңде сіздермен бірге аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі», –деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Алғыс арқалағандардың ішінде ақ халатты абзал жандармен бірге журналистер сондай-ақ телеарнаның кадр сыртында жұмыс атқаратын мамандары да бар.  Журналистер халықтың үні, көзі, құлағы болса, дәрігерлер адам жанының арашашысы. 

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

– Осы мереке қарсаңында ҚР Президенті Қ.Тоқаев біздің бірқатар жерлесімізді оның ішінде, ақ халатты абзал жандар мен БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалар мен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте барлығы медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің орасан мүмкіндіктері мен ерліктерін бағалау.

Әлемге жайылған дертпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері бүгін кеудесіне жарқырата медаль тақты.  Халық  үшін сындарлы шақта үй бетін көрмей, отбасы, бала-шағасынан жырақ жүріп науқастарды емдеп, жанына шипа сыйлап жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен екендігі даусыз. 

Гүлнәр Құрманбекова, қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

– Әрбір дәрігер, әр медициналық мейірбике орта буында әрбір санитарка барлығы осынай марапатқа ие. Бірақ біз ешуақытта марапат үшін істеген емеспіз. Медицина қызметкерлері барлық уақытта антына берік болып, сол берген антымен халыққа қызмет етіп келе жатыр бүгінгі де ұстанымымыз сол біздің.

«Парасат», «Құрмет», «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградалары әрбір ақ халатты абзал жанға лайық. Мұны шаһар басшысы да өз сөзінде құптады. Дәрігерлерге артылар ендігі міндет індетті жеңуге күш салу. Ал халыққа айтар тілек деннің саулығына мән беру.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

 

Хабар 24 телеарнасы