418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық волонтерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді

  • 128
  • UPD: 11:45, 04.07.2020
Павлодарлық волонтерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Павлодарлық волонтёрлер халықты карантин ережелерін бұзбай, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қазіргі уақытта оннан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Белсенділер бетперде режимі, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, сондай-ақ карантин режимі туралы халыққа түсінік береді. Басты мақсат - коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға атсалысу. Осы бағыттағы жұмыстар облыстың түкпір-түкпірінде жүргізіліп жатыр. Бұл белсенді жастар қолға алған игі шаралардың бір сыпырасы ғана.

Бүгінде аймақ волонтёрлері төтенше жағдай жарияланғалы бері күш біріктіріп, көмекке зәру азаматтарға барынша қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, соңғы екі ай ішінде қыз-жігіттер 10 мыңнан астам отбасыға көмектескен. Нақтырақ айтқанда, қоғамдық бірлестік өкілдері азық-түлік жиынтықтарын тасымалдау, дәрі-дәрмек сатып алуға көмектесу жұмыстарына араласты. Карантин кезінде аймақта волонтерлік қозғалыстың жұмысы күшейтілді. Волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында аймақтық орталық жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы